«Манчестер Сити» басшысы Өзбекстанның футбол клубын сатып алмақ

28.06.2025, 23:04

Сонымен қатар, «Манчестер Сити» сапы өзбекстандық тағы бір ойыншымен толығуы мүмкін деген болжам бар.

«Манчестер Сити» басшысы Өзбекстанның футбол клубын сатып алмақ
скрин видео

«Манчестер Ситидің» иесі болып табылатын City Football Group компаниясы Өзбекстандағы футбол клубының иесіне айналуы мүмкін. Бұл туралы Өзбекстан Ұлттық олимпиада комитеті төрағасының бірінші орынбасары Отабек Умаров мәлімдеді.

Умаровтың айтуынша, Абдукодир Хусановтың «Манчестер Ситиге» ауысқанынан кейін өзбек футболына деген қызығушылық артқан. Қазір City Football Group құрамына енді Өзбекстанның бір футбол клубын қосу жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.

Сонымен қатар, «Манчестер Сити» сапы өзбекстандық тағы бір ойыншымен толығуы мүмкін деген болжам бар.

Айта кетейік, City Football Group — ағылшынның «Манчестер Сити», Аустралияның «Мельбурн Сити», АҚШ-тың МЛС лигасындағы «Нью-Йорк Сити», Үндістанның «Мумбаи Сити», Уругвайдың «Монтевидео Сити Торке», Францияның «Труа», Бельгияның «Ломмел», Италияның «Палермо» және Бразилияның «Баия» клубтарының негізгі иесі.

Сонымен бірге, бұл топ Испанияның «Жирона», Қытайдың «Шэньчжэнь Пэн Сити», Жапонияның «Йокогама Ф. Маринос» клубтарында үлесі бар және Боливиядағы «Боливар» клубына кеңестік қызмет көрсетеді.

Бұл холдингтің иесі — шейх Мансур әл-Нахайян.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам