ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Бешикташ» Зайнутдиновті ресейлік клубқа сатудан бас тартты

11.07.2025, 16:54

«Бешикташ» Зайнутдиновті кем дегенде 4 миллион еуроға сатуға дайын

«Бешикташ» Зайнутдиновті ресейлік клубқа сатудан бас тартты
ҚФФ

Мәскеудің «Динамосы» Қазақстан құрамасы мен «Бешикташ» клубының қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновті 2 миллион еуроға сатып алуды көздеген. Бұл туралы Bookmaker-ratings.ru мәлімдеді.

«Динамо» сол жақ қорғаушы позициясын жабуды жоспарлаған. Алайда бұл сома түрік клубының көңілінен шықпаған. Басылым мәліметінше, «Бешикташ» Зайнутдиновке қатысты ұсыныстарды кем дегенде 4 миллион еуродан басталса ғана қарастыруға дайын.

27 жастағы Бахтиер Зайнутдинов Түркияға ауысқанға дейін Ресейдің «Ростов» (35 матч, 4 гол, 2 ассист) және ЦСКА (83 матч, 7 гол, 8 нәтижелі пас) клубтарының сапында өнер көрсеткен. Түркияда өткен маусымда ол жарақат алып, небәрі 12 ойын өткізіп, бәр нәтижелі пас берген.

Футболшының «Бешикташпен» келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам