ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«37 млн теңге». Килиан Мбаппенің Қазақстанға келген образының құны белгілі болды

30.09.2025, 00:40

Ал сағаты Hublot брендінен алтыннан жасалған

«37 млн теңге». Килиан Мбаппенің Қазақстанға келген образының құны белгілі болды
"Реал Мадрид" баспасөз қызметі

Сән блогері Жансая Мақабаева Қазақстанға келген «Реал» ойыншыларының образына талдау жасады.

«Футболшылардың барлығының образдары ұқсас. Өйткені олар  Louis Vuitton брендімен әріптестік орнатқан. Мысалы, Килиан Мбаппені алайық. Үстіне киген жейдесі 350 мың теңге тұрады. Шалбары 656 мың теңге. Курткасы 2 миллион теңге. Аяқ киімі 651 мың теңге. Шабаданы 2 млн 356 мың теңге. Тек рюзагы ғана dior бренедінен болып шықты (1 млн 716 мың теңге). Ал сағаты Hublot брендінен алтыннан жасалған. Құны – 29 млн 500 мың теңге. Сонда барлығы – 37 млн 506 мың теңге», - дейді ол.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойын 30 қыркүйек сағат 21:45-те басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам