ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Күтпеген жаңалық: Килиан Мбаппе «Қайратпен» матчта негізгі құрамда шықпайды

30.09.2025, 11:33

Француз шабуылшысы тек қосалқы құрамнан алаңға шығуы мүмкін

Күтпеген жаңалық: Килиан Мбаппе «Қайратпен» матчта негізгі құрамда шықпайды
Фото: instagram.com/k.mbappe

Тарихи «Қайрат» – «Реал» ойынына санаулы сағаттар қалды. Еуропа футболының жұлдыздары Алматыға келгенімен, барлығы бірдей Орталық стадионның алаңына негізгі құрамда шықпайды екен. Бұл туралы Defensa Central хабарлады.

Алдын ала белгілі болғандай, мадридтік «Реалдың» басты жұлдызы Килиан Мбаппе кездесуді алғашқы минуттардан бастамайды. Француз шабуылшысы тек қосалқы құрамнан алаңға шығуы мүмкін. Бұл шешімге клубтың бас бапкері Хаби Алонсоның өзіндік жоспары әсер еткен.

«Мен алаңға он бір ойыншымен шығамын, және бұл он бір ойыншы — мадридтік «Реалдың» ойыншылары. Бұл өте бәсекеге қабілетті команда болады. Біз алғаш рет топтық кезеңде өнер көрсетіп отырған, бірақ жақсы ойнайтын қарсыласпен кездесеміз. Сондықтан бізден жоғары деңгейдегі ойынды талап етеді», - деді Хаби Алонсо матч алдындағы баспасөз конференциясында.

Матч 30 қыркүйек күні өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады. Стадионның есігі көрермендер үшін 18:45-те ашылады. Бұл шешім көрермендердің көптеп жиналуынан туындайтын қолайсыздықтардың алдын алу мақсатында қабылданған.

Айта кетейік, бұған дейін мадридтік делегация Алматыдағы Орталық стадионның алаңына көңілі толмайтынын білдірген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам