ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Реал» Алматыға мектеп құрамасымен келсе де жеңетін еді – Қуат Хамитов

Бүгін, 10:01

«Реалдың» басшылығына жұлдыз ойыншыларын ала келудің қажеті болмағанын айтты

«Реал» Алматыға мектеп құрамасымен келсе де жеңетін еді – Қуат Хамитов
Фото: kuat__khamitov/Instagram

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Алматыда өткен Чемпиондар лигасының екінші турындағы «Қайрат» пен «Реал Мадрид» (0:5) матчы жайлы пікір білдірді.

Спортшы өзінің Instagram парақшасында «Қайрат» футболшыларының ойынын сынап, «Реалдың» басшылығына жұлдыз ойыншыларын ала келудің қажеті болмағанын айтты:

«Реал» басшылығы «бізге өз жұлдыздарымызды алып келмей-ақ, оларды мектеп құрамымен-ақ жеңуге болатын еді»  деп ойлаған шығар. Иә, Акула жүзетін жерде балықтарға орын жоқ», – деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында алматылық «Қайрат» мадридтік «Реалдан» 0:5 есебімен ойсырай жеңілді. Килиан Мбаппе хет-трик жасап, Браим Диас пен Эдуардо Камавинга бір-бір голдан соқты.

Алматылықтар топтық кезеңде енді Кипрдің «Пафос», Италияның «Интер», Данияның «Копенгаген», Грекияның «Олимпиакос», Бельгияның «Брюгге» және Англияның «Арсенал» клубтарымен кездеседі. Бұл – «Қайраттың» алдына үлкен сынақтар күтіп тұрғанын көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам