
«Билет үшін 1 миллион теңге сұрады
Алматылық «Қайрат» футбол клубының жанкүйері көптен күткен ойынға билет таба алмай, көлігін билетке айырбастағанын айтты.
Оның айтуынша, бастапқыда билет сатып алуға үлгермеген. Кейіннен басқа адамдардан алуға мәжбүр болыпты.
«Билет үшін 1 миллион теңге сұрады. Ондай ақшам болмағандықтан, көлігімді айырбастайын дедім. BMW машинамды беріп, орнына билет алдым. Өкінемін, ішім ашып тұр», – деді жанкүйер.
Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Қолданушылардың көбі жанкүйердің қадамын дұрыс көрмей, сынады:
– «Қате ғой»
– «Топас»
– «Обалың жоқ»
– «Футбол түсінбейтіндер осындай болады», – деген пікірлер жазылды.
Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында алматылық «Қайрат» мадридтік «Реалдан» 0:5 есебімен ойсырай жеңілді. Килиан Мбаппе хет-трик жасап, Браим Диас пен Эдуардо Камавинга бір-бір голдан соқты.
Алматылықтар топтық кезеңде енді Кипрдің «Пафос», Италияның «Интер», Данияның «Копенгаген», Грекияның «Олимпиакос», Бельгияның «Брюгге» және Англияның «Арсенал» клубтарымен кездеседі. Бұл – «Қайраттың» алдына үлкен сынақтар күтіп тұрғанын көрсетеді.