
Нәтиже қандай болса да мен үшін нөмірі біріншісің!
УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің екінші турындағы «Қайрат» пен «Реал» матчынан кейін танымал футболшы Самат Смақовтың қызы Самира Смақова сүйіктісі Шерхан Қалмырзаға қолдау көрсетті.
«Сен мен үшін әрқашан, барлық жағынан үздіксің. Нәтиже қандай болса да мен үшін нөмірі біріншісің! Мақтанамын! Саған жанкүйерлік еткенім соншалық, не істеп, не қойғанымды түсінбедім», - деді ол.
Самира мен Шерханның көңіл жарастырып жүргенін екі жақтың ата-анасы да растаған болатын.
Айта кетейік, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы матчта Шерхан Қалмырза 90 минут бойы өнер көрсетіп, қақпасына бес гол жіберді.