ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Тұрсын Алагөзов «Қайрат» футболшыларына жаңа автобус сыйлады

11.10.2025, 15:58

Кәсіпкер Алагөзов клубқа екі автобус сыйлаған

Тұрсын Алагөзов «Қайрат» футболшыларына жаңа автобус сыйлады
әлеуметтік желі

Белгілі кәсіпкер әрі меценат Тұрсын Алагөзов алматылық «Қайрат» футбол клубының ойыншыларына заманауи жаңа автобус сыйға тартты.

Бұл туралы кәсіпкердің әйелі Баян Алагөзова Instagram парақшасында жариялады. Оның жазуынша, кәсіпкер Алагөзов клубқа екі автобус сыйлаған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы күніне орай кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жасаған тосын мәлімдеме қазақстандық спорт жанкүйерлерін елең еткізді.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі үндеуінде 10 күннен кейін өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы көптен күткен ойынға тоқталып, жеңіске жеткен жағдайда командаға ерекше сый тарту ететінін жеткізді.

«Алматы күні – әрқайсымыз үшін ерекше мереке. Мен де барша қазақстандық патриоттар секілді сүйікті шаһарымыздың туған күнін атап өтудемін. Ал дәл он күннен кейін еліміздің басты мақтанышы – «Қайрат» әлемнің ең мықты клубтарының бірі «Реал Мадридпен» жасыл алаңға шығады. Елімнің азаматы ретінде әрі туған күнімнің қарсаңында мен мынадай уәде бергім келеді: егер «Қайрат» жеңіске жетсе, алаңға шыққан әрбір ойыншыға автокөлік сыйлаймын. Алматы – әлемнің астанасы, «Қайрат» – чемпион!» – деді кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам