ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Футболдан Өзбекстан құрамасы Қазақстанмен емес, Египетпен ойнайтын болды

12.10.2025, 12:25

Египет құрамасын аталған турнирге Мохаммед Салах бастап келеді

Футболдан Өзбекстан құрамасы Қазақстанмен емес, Египетпен ойнайтын болды
olympic.uz

Футболдан Өзбекстан құрамасы Дубайда өтетін халықаралық турнирге қатысады лдеп хабарлайды Championat.Asia. Бұл жарыста өзбек футболшылары Иран, Египет және Кабо-Верде командаларына қарсы матчы өткізбек.

Турнир 10-18 қараша аралығында өтеді. Бірінші матчта Иран мен Кабо-Верде құрамалары кездессе, екінші ойында Өзбекстан ойыншылары Мысырға қарсы алаңға шығады.

Екі матчта жеңіске жеткен командалар өзара бірінші орынды сарапқа салсақ, жеңілгендері үшінші орынға таласады.

Айта кету керек, Египет пен Өзбекстан құрамалары 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алған. Мысыр футболшылары мунидиальға осымен бірнеше рет қатысса, өзбектер тарихында алғаш рет шығып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстан құрамасы Қазақстанмен жолдастық кездесу өткізеді деген мәлімет тараған болатын. Алайда, қос елдің футбол федерациялары өзара келісімге келе алмаған сыңайлы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам