Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

hockeykz
hockeykz

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер командасы Жапонияның Саппоро қаласында 15–18 қазан күндері өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болдыі.

Аруларымыз жарыс барысында жалпы үш кездесу өткізді. Турнир қожайындары Жапония құрамасымен өткен матчта отандастарымыз 0:4 нәтижесімен жеңіліс тапса, Қытай өкілдеріне қарсы ойында 1:2 есебімен есе жіберді.

Ал шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея хоккейшілерінен 5:1 есебімен басым түсіп, Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

Енді сары құрлық додасының финалында Жапония мен Қытай өзара мықтыны анықтайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам