Келесі кездесуін астаналық команда 19 қазанда өткізеді
Астаналық «Барыс» Континенталдық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында Новосібірдің «Сибир» командасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.
17 қазанда сырт алаңда өткен матчтың алғашқы екі кезеңінде командалар есеп аша алмады. Ал үшінші кезеңде «Барыс» шабуылшысы Мэйсон Морелли шешуші шайбаны соғып, астаналық клубқа жеңіс әкелді. Ол 47-минутта көзге түсті.
Осылайша, «Барыс» қонақта маңызды жеңіске қол жеткізді.
Келесі кездесуін астаналық команда 19 қазанда өткізеді. Бұл жолы «Барыс» Хабаровск қаласында жергілікті «Амур» клубымен кездеседі.