Астаналық клубқа плэй-офф ауылы әлі алыс
Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында астаналық «Барыс» өз алаңында «Северстальды» қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Жерлестеріміз соңғы үш ойынды қатарынан жеңілген болатын.
Матч ресейлік команданың басымдығымен басталды. Бірінші кезеңде Череповецктен келген хоккейшілер есепті де ашқан. Көзге түскен – Никита Коростелев.
Екінші кезеңде Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері жинақы ойнап, қарсылас қақпасына үш шайба соға алды. Гол авторлары: Әділ Бекетаев, Кирилл Савицкий және Батырхан Мұратов.
Ал, үшінші кезеңде Мұратов тағы бір шайба авторы атанып, матчтың ең үздік ойыншысы мәртебесін иеленді. Қорытынды есеп – 4:1,
Енді «Барыс» 16 қарашада сырт алаңда «Трактормен», 18 қарашада «Металлургпен» және 20 қарашада «Торпедомен» ойнайды.