Тоқаев «Барыс» хоккей клубының Ресейде ойнау мәселесін шешіп берді

12.04.2025, 13:54

Бұған дейін қаржы тапшылығына байланысты балалардың Ресейге бармауы ұсынылған еді

Тоқаев «Барыс» хоккей клубының Ресейде ойнау мәселесін шешіп берді
Барыс ХК

«Барыс» хоккей клубының жасөспірім және балалар командаларының тәрбиеленушілерінің ата-аналары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдаған болатын. Мемлекет басшысы осы үндеуге жауап берді.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты.

Ата-аналар хатта Қазақстандағы балалар хоккейінің болашағына алаңдаушылық білдіріп, бұл мәселені клуб басшылығының әрекетсіздігіне байланысты туындаған қаржылық және ұйымдастырушылық қиындықтармен байланыстырған. Сонымен қатар, олар президенттен жағдайға тікелей араласуын сұраған.

Желдібайдың айтуынша, президенттің тапсырмасы бойынша «Барыс» БЖСМ тәрбиеленушілері 2025/26 маусымында Ресей чемпионатына қатысатын болды. Бұл шешім балалар хоккейінің үздіксіз дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік деңгейдегі араласудан кейін клубтың отандық және шетелдік ойыншылар, жаттықтырушылар мен серіктес ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелері қайта қаралып, бюджеттік шығындарды оңтайландыру арқылы шешімін тапты.

Сонымен қатар қаржылық жағдайдың ушығуына себеп болған жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қолданылғаны белгілі болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам