«Барыс» хоккейшілері Тоқаевқа үндеу жолдап, Оразбаевты орнында қалдыруын сұрады (ВИДЕО)

10.04.2025, 04:29

Ол қазақ хоккейін дамытатын бірден-бір тұлға еді дейді хоккейшілер

«Барыс» хоккейшілері Тоқаевқа үндеу жолдап, Оразбаевты орнында қалдыруын сұрады (ВИДЕО)
Барыс ХК

«Барыс» хоккей клубының бас директоры болған Нұрлан Оразбаевтың қызметтен кеткені бұған дейін белгілі болған. Осы жайтқа қатысты команда ойыншылары наразылық білдіріп, мемлекет басшысына үндеу жолдады.

Айта кетейік, Нұрлан Оразбаев «Барысқа» басшы болып былтыр күзде тағайындалған болатын. Клуб екі маусым қатарынан сәтсіз өнер көрсеткендіктен «Барыстың» директоры екі рет, бас бапкері үш рет алмасты.

«Біз "Барыс" хоккей клубының бас директоры Нұрлан Оразбаев жұмыстан шығуына байланысты президентке үндеу жолдаймыз. Барлық спортшылар оның кәсіби қарым-қабілетін жоғары бағалаймыз. Ол басшылық қызметкен келгелі клуб дамыды. Әр ойындарда рекордтық жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Біз оған толықтай сенеміз және болашақта "Барысқа" және ұлттық құрамаға да зор пайдасын тигізетініне еш күмәніміз жоқ. Ол – әрқашан қазақ хоккейіне шынайы жанашыр, жанкүйер. Бізді әрдайым қолдайды. Тіпті біздің әрбір жаттығуымызға қатысады. Біз бас директор Нұрлан Оразбаевтың қызметтен кетуіне қарсымыз», - делінген видео үндеуде.

Айта кетейік, «Барыс» хоккей клубы осы маусымда ҚХЛ-дің турнир кестесінде ең соңғы орынға тұрақтады. Елордалық клуб барлығы 68 матч өткізіп, оның 54-де жеңілген. Бұл – клуб тарихындағы бұрын-соңды болмаған антирекорд.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам