Қайрат Копенгагеннен жеңілмейді. Тоттенхэм бейшара халде. Бавария мен Реал тегін 3 ұпайын алады

Қуат Найман тікелей эфирде қыз балаға ауыр сөздер айтты

21.11.2025, 11:24

Қуат Хамитов белгісіз арудың намысына тиіп, болашағы жоқ екенін айтқан

Қуат Найман тікелей эфирде қыз балаға ауыр сөздер айтты
Видеодан кадр

Көпшілікке Найман есімімен танымал қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Найман Тик-ток желісіндегі тікелей эфир барысында шектен шыққан дөрекілікке барды.

Белгілі спортшы желіде стрим кезінде «Мони» есімді қолданушымен әңгіме-дүкен құрған еді.

«Түріңе қарап сені бай деп қалуы мүмкін. Күйеуге тиген соң не істейсің? Не сабақ оқымағансың?! Не тамақ істей алмайсың! Түріңнің неге ұқсайтыны түсініксіз. Не істейсіз? Алдағы 5 жылда жобамен түрін менікіндей болады. Қалай жұмыс істейсің? Жас қыздар көп деп сенен массажды ешкім алмайды. Не жасайсың? Жасайтын да жерің қалмаған! Күйеуі мотивацияны түсінбейтін болады. Қарын деген үш бала туатын әйелдікіндей. Артын көтеріп үшінші қабаттан түскенде жүрегі отырып, инфаркт алады. Сендерге кредит бермейді, өмірі жұмыс істемегенсіңдер. 1 млн теңге береді. Оны екі қолтырауын бір айда жеп тастайсыңдар. Ары қарай не істейсіңдер? Эфирге де шыға алмайсың. Себебі, мұнда әдемі қыздардың көптігінен қырыққа келген сені ешкім қарамайды», - деді Қуат Найман.

Алайда Қуат Хамитов белгісіз арудың намысына тиіп, болашағы жоқ екенін ғана айтумен болды. Сонымен бірге жеке басына тиісіп, болашақ жарының да ештеңеге қабілетсіз жан болатынын айтып, мазақ қылды. Айта кететін жайт, Қуат Хамитов оны қанша жерден тілдесе де желі қолданушысы оған қарсы ешқандай қарсы пікір білдірмеді.

Бұған дейін Қуат Хамитов футболды сынға алып, оның Қазақстанда үлкен бизнеске айналғанын айтқан болатын. Ол «Халық футбол деген бизнестен 30 жылдан бері зардап шегіп келеді» деп пікір білдірген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам