Қайрат Копенгагеннен жеңілмейді. Тоттенхэм бейшара халде. Бавария мен Реал тегін 3 ұпайын алады

Дағыстанда бір көшеге Ислам Махачевтің есімі берілді

21.11.2025, 10:53

Махачев Джек Делла Мадделенамен шеберлік байқасып, жеңіске жеткен

Дағыстанда бір көшеге Ислам Махачевтің есімі берілді
championat.com

UFC лигасының чемпионы, дағыстандық Ислам Махачевке туған жерінде көше атауы берілген. Бұл туралы спортшы желіде жазба жариялап, неліктен мұндай жағдай болғанын түсіндірді.

«Бұл – Хабибтің идеясы. Енді мен бұл көшені жөндеп, жолын реттеуім керек. Өз көшеме басқа не істей аламын? Ауыл басшысымен бүгін жолықтым. Мәселені талқыладық. Тұрғындар жарық, байланыс жүйесі туралы қазірден маған айтып жатыр», - деді Ислам Махачев.

Спортшы 15 қарашада Madison Square Garden (Ұлыбритания емес, АҚШ) аренасында UFC 322 турнирінің басты жекпе-жегінде Джек Делла Мадделенамен шеберлік байқасып, 5 раундтың нәтижесі бойынша жеңіске жеткен болатын. Ол бұл кездесуде өз мансабында ең көп гонорарға қол жеткізді.

Сондай-ақ, Махачев MSG (Madison Square Garden) немесе Абу-Даби ареналарында күресуге ниетті екенін бұған дейін атаған болатын. Бұл оның мансабындағы үлкен тарихи сәттердің бірі болуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам