Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Альберт Туменов: Шавкат Рахмонов - Ислам Махачев үшін ең қауіпті қарсылас

18.01.2026, 10:41

Ол Рахмоновты дивизиондағы мықтылардың бірі деп санайды.

Альберт Туменов: Шавкат Рахмонов - Ислам Махачев үшін ең қауіпті қарсылас
Шавкат Рахмоновтың жеке парақшасынан

ACA ұйымының экс-чемпионы Альберт Туменов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев үшін қазіргі таңда ең қиын қарсылас қазақстандық Шавкат Рахмонов болуы мүмкін екенін айтты.

Туменовтің пікірінше, Рахмонов - дивизиондағы ең мықтылардың бірі.

«Менің ойымша, Ислам үшін ең ең қауіпті қарсылас - Шавкат Рахмонов. Камару Усманның жасы келді, қазір қаншалықты бабында екенін айту қиын. Егер ұйымдағылар қаласа, Рахмоновты бірден осы жекпе-жекке шығара алады. Бірақ оған алдымен тағы бір кездесу өткізу керек деп естігенмін. Ауыр жарақат пен ұзақ үзілістен кейін бұл дұрыс шешім де шығар. Шавкат әлі жас, чемпиондық белбеуге асықпай, біртіндеп келе алады. Егер оны қазір Махачевпен шығарса, кейбіреулер «ол әлі лайық емес» деп сынауы мүмкін, алайда жанкүйерлердің басым бөлігі бұл жекпе-жекке қуанатыны анық», - деді Туменов.

Қазіргі таңда UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде екінші орында тұрған Шавкат Рахмоновтың еншісінде 19 жеңіс бар және ол мүлде жеңілмеген. Ал Ислам Махачев кәсіби мансабында 28 рет жеңіске жетіп, бір рет жеңіліс тапқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам