Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Ақша үшін кетпедім»: Хабиб Нурмагомедов Дана Уайттың мәлімдемесі жалған екенін айтты

Бүгін, 10:24

Нурмагомедов мансабын аяқтауына ақша себеп болмағанын атап өтті

«Ақша үшін кетпедім»: Хабиб Нурмагомедов Дана Уайттың мәлімдемесі жалған екенін айтты
championat.com

Хабиб Нурмагомедов UFC президенті Дана Уайттың мәлімдемесіне жауап беріп, спорттан кетуіне ақша себеп болмағанын айтты. 

Хабиб Instagram парақшасында Дана Уайттың сөзіне қатысты пікір білдірген. Желіде тараған жазбада Нурмагомедов чемпион атанғаннан кейін Таяу Шығыста мол табыс тауып, сондықтан жекпе-жекті тоқтатқаны айтылған. Сондай-ақ әкесінің қазасы оның шешіміне әсер еткені жазылған.

Алайда ресейлік файтер бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Интернеттен осындай тақырыптарды кейде оқып қаламын. Әдетте әрбір бос әңгімені талқылай бермеймін. Бірақ мұндай сөзді Дана айтқан соң, ол бірден бүкіл әлемге тарап кетеді», – деді Хабиб.

Оның айтуынша, ешкім оған миллиондаған ақша бермеген және мансабын аяқтауына қаржы себеп болмаған.

«Бұл – жалған ақпарат. Маған ешқашан ондай миллиондар берілген емес. «Спорттан көп ақша тапқаны үшін кетті» деген әңгіме де шындыққа жанаспайды. Нақты себепті бүкіл әлем біледі. Мен бұл туралы бірнеше рет айттым», — деп мәлімдеді Нурмагомедов.

Еске салайық, Ultimate Fighting Championship ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов 2020 жылы UFC 254 турнирінде Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін мансабын аяқтағанын жариялаған еді. Бұл шешім әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың қайтыс болуынан кейін қабылданды.

2021 жылы UFC басшысы Дана Уайт Хабибтің карьерасы ресми түрде аяқталғанын мәлімдеді. Қазір Нурмагомедов бапкерлікпен айналысып, бірнеше танымал файтерді жаттықтырып жүр. Оның шәкірттерінің қатарында UFC чемпионы Ислам Махачев пен PFL чемпионы Усман Нурмагомедов бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам