Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандық спортшы UFC-дің жаңа лигасында тарихи дебют жасады

22.05.2026, 10:29

Азамат Бақытов Лас-Вегаста өткен UFC BJJ 8 турнирінде өнер көрсетті

Қазақстандық спортшы UFC-дің жаңа лигасында тарихи дебют жасады
instagram.com/ufcbjj

Қазақстандық файтер Азамат Бақытов UFC BJJ турнирінде өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық атанды.

Тарихи дебют Лас-Вегаста өткен UFC BJJ 8 турнирінде жүзеге асты. Орта салмақта бақ сынаған Азаматтың қарсыласы австралиялық спортшы, қара белбеу иегері Томас Дэвид болды. Бұл жекпе-жек екі спортшы үшін де лигадағы алғашқы кездесу еді.

Тартысты өткен белдесу тең нәтижемен аяқталды. Турнир ұйымдастырушылары қазақстандық файтердің өнеріне жоғары баға берді.

Айта кетейік, UFC BJJ – 2025 жылдың маусым айында іске қосылған UFC-дің сабмишн-грэпплинг бағытына арналған арнайы лигасы. Азамат Бақытов осы жобаға келісімшартқа отырған Қазақстан мен ТМД елдерінен шыққан алғашқы спортшы болып отыр.

Азамат Бақытов ММА-де әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген, оның еншісінде тоғыз жеңіс бар. Сонымен қатар ол күрес стиліне қарамастан үздіктер анықталатын Nomad Wrestling гран-приінің екі дүркін чемпионы саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам