Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Бала керек емес»: Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі көпшілікке өтініш айтты

Бүгін, 10:31

Гүлайым Рахмонова көпшіліктен спортшыны мазаламауды сұрады

«Бала керек емес»: Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі көпшілікке өтініш айтты
әлеуметтік желі

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын аударды. Ол отбасы жағдайына қатысты ашық пікір білдіріп, жаңа туған сәбиіне байланысты тараған сұрақтарға жауап берді.

Instagram парақшасында жарияланған жазбада Гүлайым Рахмонова Шавкат Рахмоновқа қатысты түрлі әңгімелер мен құттықтауларға тоқталып, спортшыны мазаламауды сұрады. Сонымен қатар ол бұрынғы отбасы арасындағы қаржылық мәселелерге де назар аударған.

«Ммм не дейміз енді... Ұлым ажырассын бірақ қызым ажыраспасын деген тактика... Қызының тойын 30 млн жасатты, үйін алып берді, машина берілді, одан қалды қаншама нәрсеге Шавкаттың ақшасы ғана кетіп отырды. 3 ұлы болса да бәріне міндетті тек Шавкат. Мейлі алсын, берсін, бірақ ағаға түсе беру тым артық болды», — деп жазды ол.

Сондай-ақ Гүлайым өзінің қазіргі жағдайына қатысты да пікір білдіріп, көпшілікке үндеу жасады.

«Маған қарағанда күйбаланың бағы жанып тұр. Ешкім ешнәрсені көре алып кетпейді! Бумеранг существует! Сосын балаға келді ме деп сұрай бермеңіздер! Ол “бала керек емес” деп айтып кеткен... Алла деп өз аяғыммен барып босанып, аман-есен өз аяғыммен үйге келдім», — деді ол.

Жазба соңында ол жұртшылықтан Шавкат Рахмоновты құттықтап, артық хабарламамен мазаламауды сұрады.

«Оның мазасын алып жазып, құттықтап әуре болмаңыздар! Аллаға мың шүкір!» — деп түйіндеді Гүлайым Рахмонова.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам