Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Еркебұлан Тоқтар ресейлік блогерге қарсы жекпе-жек өткізеді

Бүгін, 20:14

Еркебұлан Тоқтар мен Артем Тарасов IBA NOMAD 15 турнирінде жұдырықтасады

 

Еркебұлан Тоқтар ресейлік блогерге қарсы жекпе-жек өткізеді
әлеуметтік желі

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар ресейлік блогер әрі MMA өкілі Артем Тарасовпен жекпе-жек өткізеді. Қарсыласу 4 шілде күні Алматыдағы Almaty Arena кешенінде өтетін IBA NOMAD 15 турнирі аясында ұйымдастырылады.

Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, екі спортшы да бұл кездесуге ерекше дайындықпен келіп жатыр. Соңғы уақытта әлеуметтік желіде бір-біріне бірнеше мәрте үндеу жасаған файтерлер енді барлық сұраққа октагонда жауап бермек.

IBA NOMAD 15 турнирі жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр. Еркебұлан Тоқтар мен Артем Тарасов арасындағы айқас кештің ең тартысты жекпе-жектерінің бірі болады деп күтілуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам