Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ақ үй аумағында UFC турниріне арналған арнайы арена салынып жатыр

Бүгін, 12:17

Ауқымды турнир АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай ұйымдастырылмақ

Ақ үй аумағында UFC турниріне арналған арнайы арена салынып жатыр
әлеуметтік желі

АҚШ-та алғаш рет Ақ үй аумағында UFC турниріне арналған арнайы арена бой көтеріп жатыр.

Тарихи жекпе-жек кеші UFC White House – Freedom 250 атауымен 14 маусымнан 15 маусымға қараған түні өтеді. Ауқымды турнир АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай ұйымдастырылмақ. Бір қызығы, дәл осы күні АҚШ президенті Дональд Трамп 80 жасқа толады.

Қазір Ақ үйдің оңтүстік алаңында құрылыс пен дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ұйымдастырушылар арнайы октагон орнатып, мыңдаған көрерменге арналған инфрақұрылымды әзірлеуде.

Дональд Трамп бұл кештің UFC тарихындағы ең ауқымды әрі ең есте қаларлық турнирлердің біріне айналатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, Ақ үй маңындағы көшелерге алып экрандар қойылып, шараны сырттан тамашалайтын жанкүйерлер үшін де ерекше жағдай жасалады.

Ақпаратқа сәйкес, Вашингтонның қақ ортасында өтетін тарихи UFC кешін көруге ондаған мың адам жиналуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам