Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

UFC-дегі ең көп күткен камбэк: Макгрегордың жекпе-жегіне билеттер 240 секундта сатылды

Бүгін, 11:27

VIP орындардың құны 43 мың долларға дейін жеткен

UFC-дегі ең көп күткен камбэк: Макгрегордың жекпе-жегіне билеттер 240 секундта сатылды
AFP

Аралас жекпе-жек өнерінің ең танымал жұлдыздарының бірі Конор Макгрегордың UFC октагонына оралуы жанкүйерлер арасында бұрын-соңды болмаған қызығушылық туғызды. Ирландиялық файтердің көптен күткен жекпе-жегіне арналған барлық билеттер сатылым басталғаннан кейін небәрі 240 секунд ішінде толық сатылып кеткен.

Конор Макгрегор 11 шілде күні Лас-Вегаста өтетін UFC 329 турнирінде америкалық Макс Холлоуэйге қарсы айқасады. Бұл – ирландиялық спортшының төрт жылдан астам уақыттан кейінгі алғашқы ресми жекпе-жегі болмақ.

Кездесуге деген сұраныстың жоғары болғаны соншалық, жанкүйерлер бірнеше минут ішінде барлық орынды сатып алып үлгерген. Алғашқы қатардағы VIP орындардың құны 43 мың долларға дейін жетсе, ең арзан билеттердің өзі 600 доллардан басталған. Қазір билеттердің басым бөлігі қайта сату нарығына шығып, олардың бағасы бірнеше есе қымбаттаған. Кейбір ұсыныстардың құны 1500 доллардан жоғары бағалануда.

Макгрегор соңғы рет 2021 жылы Дастин Порьемен өткен трилогия жекпе-жегінде октагонға шыққан еді. Сол кездесуде аяғын ауыр жарақаттап, техникалық нокаутпен жеңілгеннен кейін ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізген жоқ.

Сондықтан UFC 329 турнирі тек кезекті жарыс емес, ММА тарихындағы ең көп күткен камбэктердің бірі ретінде бағалануда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам