Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Өкпесін ауыстырған UFC жұлдызы Белал Мұхаммадпен күш сынасады

Бүгін, 12:00

Кездесу еркін күрес ережесі бойынша өтеді

Өкпесін ауыстырған UFC жұлдызы Белал Мұхаммадпен күш сынасады
x.com/RAFWrestlingUSA

Аралас жекпе-жек әлемінің танымал өкілдерінің бірі, UFC-дің бұрынғы файтері Бен Аскрен ауыр сырқаттан кейін алғаш рет жарысқа қайта оралмақ.

Real American Freestyle (RAF) ұйымы жариялаған ақпаратқа сәйкес, Аскрен 18 шілде күні Милуоки қаласында өтетін турнирде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы UFC-дің бұрынғы чемпионы Белал Мұхаммад болады. Кездесу еркін күрес ережесі бойынша өтеді.

Бұл жекпе-жек Бен Аскрен үшін ерекше мәнге ие. Өйткені ол өткен жылы ауыр пневмонияға шалдығып, жансақтау бөліміне түскен болатын. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап, кейін екі өкпесіне трансплантация жасауға мәжбүр болды.

Спортшы ұзақ уақыт ем қабылдап, оңалту кезеңінен өтті. Денсаулығының күрт нашарлауына байланысты әлеуметтік желілерде оның қайтыс болғаны туралы қауесеттер де тараған еді. Алайда бұл ақпарат расталмады.

Қазір Аскрен толыққанды жаттығу процесіне оралып, қайтадан кілемге шығуға дайын екенін көрсетіп отыр.

Айта кетейік, Бен Аскрен кәсіби мансабында Bellator және ONE Championship ұйымдарында чемпион атанып, кейін UFC-де өнер көрсетті. Енді ол ауыр операциядан кейінгі алғашқы ресми бәсекесінде өз мүмкіндігін сынап көрмек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам