ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

UFC 2026 жылдың соңғы екі ірі турнирі қайда өтетінін жариялады

25.08.2026, 17:35

басты додалар Нью-Йорк пен Лас-Вегаста ұйымдастырылады

UFC 2026 жылдың соңғы екі ірі турнирі қайда өтетінін жариялады
UFC

UFC 2026 жылдың соңында өтетін екі нөмірлі турнирдің орнын анықтады. Жылдың қорытынды бөлігіндегі басты додалар Нью-Йорк пен Лас-Вегаста ұйымдастырылады.

UFC 334 турнирі 15 қарашада Нью-Йорктегі әйгілі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. Қараша айында Нью-Йоркте нөмірлі турнир өткізу UFC үшін дәстүрге айналған. Бұл үрдіс тек 2020 жылы пандемияға байланысты бұзылған еді.

Ал жылдың соңғы нөмірлі турнирі – UFC 335 13 желтоқсанда Лас-Вегастағы «Ти-Мобайл Аренада» өтеді.

Әзірге екі турнирдің толық жекпе-жек бағдарламасы жарияланған жоқ. UFC 334 және UFC 335 кештерінде кімдердің басты жекпе-жекке шығатыны кейін белгілі болады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам