![Дамир Ысмағұлов октагонға оралатын күн белгілі болды](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/06/25/667a4f00b601f145056077.jpeg)
Ысмағұлов ММА-дегі соңғы жекпе-жегін бір жыл бұрын - 1 шілдеде UFC on ESPN 48 аясында өткізді
Көпшілік күтпеген жаңалық. Аралас жекпе-жек шебері Дамир Ысмағұлов 13 шілде күні «Алматы Аренада» өтетін Hardcore турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы - 23 жастағы ресейлік Дмитрий «Армеец» Климов. Климовтің Sherdog-тегі рекорды - 8-3, ал жалпы нәтижесі - 13-5.
Климов барлық дерлік айқасын Hardcore-да өткізгендіктен, оның есімі басым көпшілікке бейтаныс болуы мүмкін.
Айта кетейік, Ысмағұлов ММА-дегі соңғы жекпе-жегін бір жыл бұрын - 1 шілдеде UFC on ESPN 48 аясында өткізді. Ол кезде қандасымыз Грант Доусонға есе жіберген.
Ал наурыз айында Дамир кикбосингтің К-1 ережесі бойынша Эдуард Вартанянмен күш сынасты, кейіннен екеуі ММА ережелері бойынша Қазақстанда реванш өткізеді делінген.
Ысмағұлов - Климов айқасы Мұратбек Қасымбай мен UFC-дің бұрынғы қатысушысы Диего Брандао кездесуінің кардында өтеді.