Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Жан тәрбиесі тән тәрбиесінен маңыздырақ»: Хабиб Нурмагомедов дағыстандықтарға көңіл айтты

24.06.2024, 22:46

Полицейлерді қырып салған лаңкестердің бірі Хабиб ашқан MMA мектебінің шәкірті болған

«Жан тәрбиесі тән тәрбиесінен маңыздырақ»: Хабиб Нурмагомедов дағыстандықтарға көңіл айтты
UFC

UFC-де жеңіл салмақта әлемнің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов Дағыстанда болған террористік оқиғадан кейін қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

Есте болса, 23 маусымда Дағыстанның Дербент қаласында суық қаруланған бір топ адам шіркеу мен синагоганы өртеп жіберіп, полицейлерге қарсы оқ атқан. Лаңкестік оқиға дәл осы уақытта ел астанасы Махачкалада да тіркелді. Әзірге қаза тапқандардың нақты саны ресми хабарланбаса да, жергілікті БАҚ 15 адамның көз жұмғанын айтуда. Олардың барлығына жуығы полицейлер. Бір адам – шіркеу өкілі.

Сонымен қатар, 6 лаңкестің көзі жойылғаны хабарланды. Олардың бірі – Хабиб Нурмагомедов ашқан MMA мектебінің шәкірті болуы мүмкін.

«Зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Алла бәрімізді осындай жағдайлардан сақтасын, басымызға бейбіт аспан сыйласын.

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз. Сізді және балаларыңызды қоршаған адамдарды байқап қарап, олардың кіммен сөйлесетінін қадағалаңыз. Жан тәрбиесі тән тәрбиесінен маңызды», - деп жазды танымал файтер әлеуметтік желідегі парақшасында.

Белгілі болғандай, Махачкала мен Дербенттегі лаңкестік шабуылға байланысты Дағыстан аумағында үш күн аза тұту жарияланған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам