
Бұл салмақта чемпиондық белбеу АҚШ өкілі Белал Мухаммадқа тиесілі
UFC барлық дивизиондағы жаңартылған рейтинг нұсқаларын жариялады.
Осылайша, жартылай орта салмақта бірінші орынға американдық файтер Шон Брэди шықты, ол екінші орынға тұрақтаған қазақстандық Шавкат Рахмоновты басып озды.
Дивизионның бұрынғы көшбасшысы Леон Эдвардс үшінші орынға төмендеді. Бұл салмақта чемпиондық белбеу АҚШ өкілі Белал Мухаммадқа тиесілі.
Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері Брэди Ұлыбританияда өткен UFC турнирінің басты жекпе-жегінде төртінші раундта Эдвардсты тұншықтыру әдісімен жеңді.
Жекпе-жектен кейін Шон Белал Мухаммад пен Джек Делла Маддалена арасындағы кездесудің жеңімпазымен айқасқысы келетінін мәлімдеді. Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт Шавкат Рахмоновты титулдық жекпе-жектегі келесі үміткер ретінде атаған болатын.