
Қуат Хамитов – 37 жаста болса да әлі де бойдақ спортшы
Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов әлеуметтік желіде қызықты жазба қалдырды. Танымал файтер жасанды интеллекттің көмегімен жасалған суретті жариялады. Онда ол өзінің отбасылық қарттығын қалай елестететінін көрсеткен.
«Жасанды интеллект менің қартығымды осылайша елестетеді екен», — деп жазды Хамитов Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Қуат Хамитов – 37 жаста болса да әлі де бойдақ спортшы. Ол өзінің үйленбей жүргенін көңілінен шығатын бойжеткенді кездестірмеуімен байланыстырған еді. Бұған дейін елдегі ақпарат кеңістігінде оның танымал волейболшы Сабина Алтынбековаға деген қарым-қатынасы қызу талқыланды.
Файтер қазақстандық футболшыларды жиі сынға алып, кейбір спорт түрлеріне мемлекеттік қаржыландыруды тоқтатуды талап еткенімен де танымал. Спортшы соңғы кезде жолына тосқауыл болған адамдар көбейгенін де тілге тиек еткен.
«Саяси мәселелер бар. Көп ақша жұмсап дайындалдым, денсаулығымды құрттым. Бірақ айқасты өткізбей тастады. Іштей күйрегендей күй кештім. Біртіндеп қалыпқа келіп жатырмын. Әзірге тынығып алайын деп шештім», - деген Хамитов.