
Марапат тек Бекзатпен шектелген жоқ.
Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық UFC файтері Бекзат Алмаханға жарқын жеңісі үшін үй сыйға тартылды.
Triumph Fights жекпе-жек залындағы марапаттау сәті әлеуметтік желілерде жарияланды. Видеодан залдың бас демеушісінің Бекзатқа жаңа баспананың кілтін табыстағанын көруге болады.
Марапат тек Бекзатпен шектелген жоқ. Тағы бір отандасымыз, UFC файтері Азат Мақсұмға мотоцикл сыйланды.
«Залдың бас демеушісі Бекзатқа - үй, Азатқа - мотоцикл тарту етті. Бұл сыйлықтар – олардың қажырлы еңбегі мен ерлігіне деген алғыс пен құрмет», – делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, Бекзат Алмахан UFC-дегі дебютін Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде өткізді. Ол 33 жастағы канадалық Брэд Катонамен (14-5) октагонда кездесіп, небәрі 64 секундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Ал Азат Мақсұм Бакуде өткен UFC турнирінде ресейлік файтер, Хабиб Нурмагомедовтің шәкірті Тагир Ұланбековпен айқасты. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте жеңіс қарсыласқа бұйырды.