
Дэниел Кормье Әліби Ыдырысқа (10-1) қолдау көрсетті
UFC-дегі АҚШ-тың аты аңызға айналған өкілі Дэниел Кормье The Ultimate Fighter турнирінің финалында сәтсіздікке ұшыраған қазақстандық файтер Әліби Ыдырысқа (10-1) қолдау көрсетті.
UFC келісімшарты сарапқа салынған айқаста Ыдырыс америкалық Джозеф Моралеспен (13-2) кездесіп, екінші раундта сабмишнмен жеңілді. Жекпе-жектен кейін Кормье қазақстандық спортшыны құшақтап, жұбатты. Бұд сәт видеоға түсіп қалған.
Еске сала кетейік, Ыдырыс - Моралес жекпе-жегі АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикагода өткен UFC 319 турнирі аясында ұйымдастырылды. Шараның басты айқасында Дрикус Дю Плесси (23-2) мен Хамзат Чимаев (14-0) орта салмақтағы UFC чемпиондық белбеуіне таласты.
Айта кетейік, Әліби Ыдырыс – The Ultimate Fighter тарихына енген алғашқы қазақстандық спортшы.