Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Шавкат Рахмоновтың көптен күткен жекпе-жегі қашан болатыны анықталды

Бүгін, 10:54

Қазақ файтері соңғы рет октагонға 2024 жылдың желтоқсан айында шыққан болатын

Шавкат Рахмоновтың көптен күткен жекпе-жегі қашан болатыны анықталды
Getty Images

UFC-де Қазақстан намысын қорғап жүрген Шавкат Рахмонов (19-0) октагонға келесі жылдың басында оралады. Бұл туралы файтердің менеджері Саят Әбдірахманов Metaratings.ru тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Айта кетейік, ұзақ уақыт жекпе-жекке шықпағандықтан UFC Рахмоновты рейтингтен шығарып тастаған болатын.

«Шавкаттың денсаулығымен проблемасы болды. Мамыр айында бізге Белал Мухаммадпен чемпиондық титул үшін төбелесуге ұсыныс жасалды. Алайда, жарақатқа байланысты біз бас тарттық. Ол әліге дейін қалыпқа келіп жатыр. Бірақ, жарақатынан толық айықты. Енді келер жылдың қаңтар-ақпан айларында октагонға оралады. Осындай болжам бар», - деді Әбдірахманов.

Қазақ файтері соңғы рет октагонға 2024 жылдың желтоқсан айында шыққан болатын. Ол кезде Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам