Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Александр Топуриямен кездесетін Бекзат Алмаханның басты жоспары белгілі болды

16.10.2025, 14:17

Отандасымыз 22 қараша күні Дохада жекпе-жек өткізеді

Александр Топуриямен кездесетін Бекзат Алмаханның басты жоспары белгілі болды
UFC

Қазақстандық UFC файтері Бекзат Алмахан алдағы жекпе-жек алдында мақсаты туралы айтып берді.

22 қараша күні Дохада (Катар) өтетін UFC Fight Night турнирінде Алмахан испан-тектес грузин спортшысы Александр Топуриямен (6-1) кездеседі.

«Мен АҚШ-қа тек жаттығу жасап, өзімді жетілдіру үшін келдім. American Top Team залында мықты серіктестер мен бапкерлер бар. Олардан көп нәрсе үйреніп, нағыз кәсіби жауынгерге айналуға мүмкіндік бар. Менің жалғыз мақсатым – UFC чемпионы болу», - деді Бекзат испан журналисі Энрике Хименомен сұхбатында.

Айта кетейік, Бекзат Алмахан UFC-де алғаш рет 2024 жылдың наурыз айында Ресей спортшысы Умар Нурмагомедовпен кездескен болатын. Сол айқаста тарздық файтер қарсыласын нокдаунға жіберген алғашқы спортшы атанды, бірақ жекпе-жек төрешілер шешімімен Нурмагомедовтің пайдасына аяқталды.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам