ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Махачевтің Маддаленамен айқаста қанша табыс тапқаны анықталды

17.11.2025, 18:04

Махачев UFC тарихында екі дивизионда чемпион атанған алғашқы ресейлік болды

Махачевтің Маддаленамен айқаста қанша табыс тапқаны анықталды
championat.com

АҚШ-тағы Sporty Salaries порталының дерегінше, UFC-дің жартылай орта салмақтағы су жаңа чемпионы Ислам Махачев аустралиялық Джек Делла Маддаленамен өткен жекпе-жегі үшін 3,332 млн доллар сыйақы алды.

Қаражат былай бөлінген:

  • 800 мың доллар – октагонға шыққаны үшін;
  • 32 мың доллар – демеушілік келісімдер;
  • 2,5 млн доллар – PPV (ақылы трансляциялар) сатылымынан түскен үлес.

Ал оның қарсыласы Маддалена 1,992 млн доллар табыс тапты:

  • 750 мың доллар – жекпе-жекке қатысқаны үшін;
  • 42 мың доллар – демеушілерден;
  • 1,2 млн доллар – PPV-ден түскен табыс.

Ресейлік Ислам Махачев Нью-Йоркте өткен UFC 322 турнирінде аустралиялық Джек Делла Маддаленаны жеңді. Жартылай орта салмақта (77,1 келі) өткен айқас кештің басты жекпе-жегі болып, толық бес раундқа созылды.

Чемпиондық атақ сарапқа салынған кездесуде Махачевтің басымдығы айқын көрінді: төрт рет тейкдаун жасап, партердегі бақылау уақыты бойынша жеке рекордын жаңартты. Сонымен қатар дәл тиген соққылар саны жөнінен де үстем болды – 140 соққыға қарсы 30. Нәтижесінде үш төреші де 34 жастағы Махачевті жеңімпаз деп тапты – 50:45.

Осылайша Ислам Махачев UFC тарихында екі дивизионда чемпион атанған алғашқы ресейлік болды. Бұған дейін ол жеңіл салмақ дәрежесінде (70,3 келі) белбеу иесі атанған, бірақ Делла Маддаленамен жекпе-жек үшін титулдан бас тартқан еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам