Қайрат Копенгагеннен жеңілмейді. Тоттенхэм бейшара халде. Бавария мен Реал тегін 3 ұпайын алады

Александр Винокуров баласын басшылық қызметке тағайындады

21.11.2025, 10:44

2026 жылдан бастап, ол енді Astana Team құрамына спорт директоры ретінде қосылмақшы.

Александр Винокуров баласын басшылық қызметке тағайындады
әлеуметтік желі

Велоспорттан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуров енді ұлын да басшылық қызметке тағайындаған.

Баласы кіші Александр Винокуров осы күзде карьерасын аяқтаған. Содан кейін Халықаралық велоспорт одағы (UCI) оқу орталығында арнайы курстан өтті.

2026 жылдан бастап, ол енді Astana Team құрамына спорт директоры ретінде қосылмақшы.

Клуб мәліметінше, ол тәжірибе барысында Әлемдік тур деңгейіндегі және құрлықтық команданың тәжірибелі спорт директорларымен бірге жұмыс істейді. Сонымен қатар ол команданың спорттық тиімділік тобымен тығыз байланыста болады.

Айта кетейік, Винокуровтың әкесі – Александр Николаевич қазіргі уақытта Astana Team командасының бас менеджері қызметін атқарады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам