Ол - Өзбекстанның белді балуаны.
Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов ертең, 21 қараша күні, өтетін Исламиададағы алғашқы белдесуінде кіммен кездесетіні анықталды.
74 келі салмақта күресетін қазақстандық балуан алғашқы айналымда Өзбекстан спортшысы Джафар Чулибоевпен күш сынасады. Бұл – ширек финалға жолдама беретін тартыс.
Айта кетейік, 23 жастағы Чулибоев – 2022 жылы 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған.
Нұрқожа Қайпанов туралы:
Туған күні: 1998 жылғы 21 маусым
Туған жері: Қызылорда облысы, жарыстарға Алматының атынан қатысады
Негізгі жетістіктері:
Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы:
2019 – 70 кг
2021 – 74 кг
2025 – 74 кг
2024 жылғы әлем чемпионы
2019 жылғы әлем чемпионатының финалисі (70 кг)
2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері
Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы (2022 – 74 кг)
Азия чемпионатының финалисі (2022 – 74 кг)
2018 жылғы халықаралық турнирдің финалисі (70 кг)
2018 жылғы жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері (70 кг)
ҚР спорт шебері, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Әлемдік рейтингтегі орны:
70 кг – 9-орын
74 кг – 19-орын