Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Тарихта қаламын»: «Қазақстан барысы» атанған балуан мәлімдеме жасады

26.11.2025, 09:15

Ерасыл Қажыбаев - «Қазақстан барысы» турнирінің 4 дүркін финалисі

«Тарихта қаламын»: «Қазақстан барысы» атанған балуан мәлімдеме жасады
gov.kz

Қазақ күресінен «Қазақстан барысы-2024» турнирінің жеңімпазы Ерасыл Қажыбаев алдағы жоспарына қатысты мәлімдеме жасады. Дзюдодан ұлттық құрама сапында күресіп жүрген спортшы алда Олимпиадаға қатысуды көздейді.

«Менің жолым - тарихқа жазылатын жол. Сол күн туғанша мен тоқтамаймын, алған бетімнен қайтпаймын. Тек алға жүріп, еңбегіммен өзім атымды алтын әріппен қалдырамын», - деді балуан.

Ерасыл Қажыбаев «Қазақстан барысы» турнирінің 4 дүркін финалисі. Ол 2018-2019 жылдары финалға дейін жетсе, 2024 жылы аталған турнирдің чемпионы атанды. Сондай-ақ, ол 2025 жылы да финалға шығып, шешуші сәтте шымкеттік Марат Байкамуровқа жол берді.

Сонымен бірге, семейлік спортшы дзюдодан ұлттық құрама сапында көптеген халықаралық турнирде жүлдегер атанған. Соңғы рет Қажыбаев ақпан айында Баку Гранд слэмінде қола медальға қол жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам