Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Naiza лигасының президенті Сметовтке берген уәдесін орындады

26.11.2025, 09:30

Нұрбек Қарабала Жамбыл облысында воркаут спорт алаңын салып берді

Naiza лигасының президенті Сметовтке берген уәдесін орындады
Коллаж 1bol.kz

Naiza лигасын қалыптастырған Нұрбек Қарабала Елдос Сметовтің құрметіне Жамбыл облысында воркаут спорт алаңын салып берді.

Былтыр Қарағандыда өткен жекпе-жек кешінде Нұрбек Қарабала Елдос Сметовтің құрметіне спорт алаңын өзі көрсеткен жерге салып беремін деп уәде берген еді. Араға бір жыл салып, аталған воркаут спорт алаңы Меркі ауданында орнатылып отыр.

Бұл туралы ол аталған жобаны толық аяқтап, табыстаған соң мәлімдеме жасады.

«Айтылған сөз - атылған оқ, демекші, Қарағандыдағы турнирде мен Елдосқа өзі көрсеткен жерге воркаут спорт алаңын салып беремін деп уәде еткен едім. Міне, уәде орындалып, алаң толықтай дайын болды. Жастарымыз осы жерде шынығып, мықты болып, тәртіп пен қайратты қалыптастырып, өз энергиясын өзіне, отбасына және қоғамымызға пайдасы тиетін бағытқа жұмсаса дейміз. Бұл орын болашақ чемпиондар өсіп шығатын мотивация нүктесіне айналсын! Қолдауы үшін Kenguru компаниясына және жеке Данил Раминге үлкен алғыс айтамын. Спортты дамыту жолында бірге атқарып жатқан ісіміз маңызды!», - деді Нұрбек Қарабала.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам