Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Тағы бір танымал спорт журналисі өмірден өтті

27.11.2025, 20:38

Әріптесіміздің артында бір ұлы қалды

Тағы бір танымал спорт журналисі өмірден өтті
Жеке мұрағат

Қазақстанның танымал спорт журналисі, тележүргізуші Диля Ибрагимова дүниеден өтті. 

Әріптесімізге жеті жыл бұрын «прогрессивті көпошақты лейкоэнцефалопатия» диагнозы қойылған еді. Ауыр дертпен күрескен Ибрагимова соңғы жылдары әлеуметтік желіде ауруына қатысты ашық жазып, қоғамнан көмек сұраған болатын.

Ол Facebook парақшасында:

«Өкінішке қарай, ауруым өршіп барады. Кеше ғана көлік айдап жүр едім, бүгін орнымнан тұра алмай қалдым. Жүруім қиындап кетті. Шұғыл түрде ауруханаға жатуым керек. 
Құрметті достар, сіздерден тағы көмек сұраймын. Мүмкіндік болса, қолдау көрсетсеңіздер. Намысты да, ұятты да шетке сырып қойдым… Көмектеріңізге алғыс айтамын», – деп жазды.

Сол жазбасында ол банк реквизиттерін де қалдырған еді.

Көп ұзамай Ибрагимова денсаулығының нашарлауына байланысты өсиет жазып қойғанын да айтқан еді.

«Талмам ұстап, басым айналады, аяқтарым бағынбайды. Шаршаймын. Бірақ мені аяудың қажеті жоқ. Күресе беремін. Ұлым үшін күресуім керек», – деп бөліскен болатын журналист.

Диля Ибрагимова ұзақ жылдар бойы «Таң», «Хабар», КТК арналарында спорт жаңалықтарының жүргізушісі болды. 

Әріптесіміздің артында бір ұлы қалды.

Соңғы жылдары еліміздің спорт журналистикасы бірқатар белгілі қаламгерінен айырылды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Амангелді Сейітхан, Диас Омаров, Диас Ахметшәріп, Дүрәлі Дүйсебай және Евгений Гайдамакин сынды марқасқалар өмірден өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам