Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Жасы қырыққа таяған Алмат Кебісбаев ел чемпионатында жүлдесіз қалды

03.12.2025, 21:43
Жасы қырыққа таяған Алмат Кебісбаев ел чемпионатында жүлдесіз қалды
olympic.kz

Алматыда грек-рим күресінен ел чемпионатының үздіктері анықталды. Бұл сында әлем чемпионатында жүлде еліміздің белгілі балуандары жаппай жеңіліске ұшырады.

Грек-рим күресінен 67 келіде бозкілемге шыққан 26 балуанның 11-і әлем, Азия чемпионаттарының жүлдесін иеленген спортшылар болды. Бұл сында U23 санатындағы Азия чемпионы Бағдат Сабаз әлем чемпионатының 5 мәрте жүлдегері, келесі аптада 38 жасқа толатын Алмас Кебіспаев пен әлем чемпионатының қола және Азия ойындарының күміс жүлдегері Мейіржан Шермаханбетті жеңді.

Ал әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ержет Жарылқасын жаңа салмаққа ауысып, 67 келіде қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, 60 келіде жастар арасында әлем чемпионы Исхар Курбаев финалда Ербол Камалиевке жол берді. 87 келіде Париж Олимпиадасына қатысқан Нұрсұлтан Тұрсынов кезекті рет ел чемпионы атанды.

Ерлер

60 келі

1. Ербол Камалиев (Алматы обл)
2. Исхар Курбаев (Жетісу обл)
3. Аманғали Бекболатов (СҚО)
3. Ақжол Тұяқов (Алматы қ)

67келі

1. Бағдат Сабаз (Астана қ)
2. Мейіржан Шермаханбет (Шымкент қ)
3. Ержет Жарлықасын (Жамбыл обл)
3. Диас Сайлауов (Ақтөбе обл)

87 келі

1. Нұрсұлтан Тұрсынов (Абай обл)
2. Тимур Оспанов (Қостанай обл)
3. Бауыржан Мусин (СҚО)
3. Ерасыл Жеңіс (Жетісу обл)

97 келі

1. Ерзат Ерланов (Жамбыл обл)
2. Нұрасыл Аманалы (Жамбыл обл)
3. Темірлан Тұрдақын (ШҚО)
3. Мақсат Сайлау (Астана қ)

Әйелдер 

50 келі

1. Марал Тәңірбергенова (Маңғыстау обл)
2. Лаура Ғаниқызы (Алматы қ)
3. Гүлжазира Амантаева (Қостанай обл)
3. Светлана Анкичева (Астана қ)

59 келі

1. Виктория Хусаинова (Ақмола обл)
2. Мадина Аман (Түркістан обл)
3. Гүлдана Бекеш (Қарағанды обл)
3. Диана Каюмова (Астана қ).

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам