Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Белгілі сумошы Ерсін Балтағұлға қазақ балуандары құрмет көрсетті

16.02.2026, 10:48

Токиода Қасым-Жомарт Тоқаев Ерсін Балтағұлмен жүздескен еді

Белгілі сумошы Ерсін Балтағұлға қазақ балуандары құрмет көрсетті
Qazaq Kuresi

Белгілі қазақ сумошысы Ерсін Балтағұлға ел балуандары құрмет көрсетті. Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен кездесуде жапон күресінің шеберіне қазақ күресі мен дзюдо өкілдері шапан жауып, ізгі тілектерін білдірді.

Бұл туралы Qazaq Kuresi ассоциациясы бас директоры Мейіржан Берекетов мәлімдеді. Оның айтуынша, кәсіпқой сумошымен өткен басқосуда халықаралық тәжірибе алмасу, кәсіби спорттағы тәртіп пен дайындық жүйесі, сондай-ақ қазақ күресінің жаһандық аренадағы әлеуеті кеңінен талқыланған.

Жиынға 2024 Summer Olympics қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, сондай-ақ танымал дзюдошылар Шархан Нұрлыхан мен Абылайхан Жұбаназар қатысты.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Токиода Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерсін Балтағұлмен жүздескен еді. Жапонияда Кимбозан лақап атымен танылған отандасымыз он жылдан бері сумомен кәсіби түрде айналысып келеді. Ол Жапониядағы Император кубогы турнирінде алғаш рет көш бастап, тарихи нәтижеге қол жеткізген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам