Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Танымал спортшы қысқы Олимпиададан аяқ киімінің өлшеміне байланысты шеттетілді

16.02.2026, 12:09

Ол басты фавориттердің бірі болып барған. 

Танымал спортшы қысқы Олимпиададан аяқ киімінің өлшеміне байланысты шеттетілді
© NurPhoto / Contributor / NurPhoto / Gettyimages.ru

Биылғы Олимпиада ойындары көпшіліктің есінде жарқын жеңіспен ғана емес, күтпеген оқиғалармен де қалатыны сөзсіз. Соның бірі – тұғырдан секіруші аустриялық Даниэль Чофенигтің жарыстан шеттетілуі.

TNT Sports таратқан мәліметке сүйенсек, Чофенигтің дисквалификациясына аяқ киімінің ресми талаптарға сай келмеуі себеп болған. Белгілі болғандай, оның етігінің өлшемі белгіленген нормадан төрт миллиметрге үлкен болып шыққан. Сол үшін де ұйымдастырушылар оны төртжылдықтың бас додасынан шеттетті.

2025 жылғы Әлем кубогының чемпионы Милан – Кортинада өтетін Олимпиадаға басты фавориттердің бірі ретінде келген еді. Ол секіруден іріктеу барысында 137,7 метр нәтиже көрсетіп, сегізінші орынмен финалға жолдама алуы тиіс еді. Алайда төрешілердің тексерісі оның үмітін бір сәтте-ақ сөндірді.

Чофениг ORF арнасына берген сұхбатында жаттығу кезінде жаңа аяқ киім кигенін, бірақ қолайсыз бола тұра, оны ауыстырмағанын мойындады.

Өлшемін тексермегенім нағыз ақымақтық болды. Бірақ ереженің аты – ереже, – деді ол өкінішін жасырмай.

Соған қарамастан, Аустрия құрамасы бұл Олимпиадада өте сәтті өнер көрсетіп жатыр. Команда қоржынында әзірге 4 алтын, 6 күміс және 3 қола медаль бар.

Аустрия сапында алғашқы алтынды сноубордшы Бениамин Карл иеленді. Ол параллель алып слаломда жеңіске жетіп, Олимпиада чемпионы атағын растады. Сонан соң сноубордтан ерлер арасындағы кросс сайысында Алессандро Хеммерле чемпион атанды.

Тау шаңғысында Ариане Редлер мен Катарина Губер командалық комбинацияда үздік шықты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам