Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Хоккейден АҚШ құрамасы 46 жылдан соң Олимпиада чемпионы атанды

Бүгін, 21:30

Канада - күміс жүлдегер.

Хоккейден АҚШ құрамасы 46 жылдан соң Олимпиада чемпионы атанды
© Gregory Shamus / Staff / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Италияның Милан қаласында хоккейден ерлер арасында 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы анықталды.

Финалда АҚШ пен Канада құрамалары кездесті. Тартысты өткен матчта америкалықтар овертаймда 2:1 есебімен жеңіске жетіп, алтын медальді еншіледі.

Есеп ойынның 6-минутында ашылды. АҚШ шабуылшысы Мэтт Болди қарсылас қақпасының бұрышын дәл көздеді.

39-минутта канадалықтар таразы басын теңестірді. Девон Тэйвзден пас алған қорғаушы Кейл Макар мергендік танытты. Бірақ бұған дейін екінші кезеңде Канада құрамасы сан басымдығын пайдалана алмады.

Үшінші кезеңде де канадалықтар бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, АҚШ қақпашысы Коннор Хеллебайк командасын құтқарып, шешуші сейвтер жасады.

Ал овертайм «үшке үш» форматында өтті. Жеңіс шайбасын Джек Хьюз соғып, АҚШ құрамасына тарихи алтын сыйлады.

Канада күміс жүлдегер атанса, қола медаль Финляндия құрамасына бұйырды. 

Осылайша, АҚШ хоккейшілері Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы атанды. Бұған дейін олар 1960 және 1980 жылдары топ жарған болатын. Америкалықтар 46 жылдан кейін Олимпиада тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам