79 жастағы маман жансақтау бөліміне түскен
Мәнерлеп сырғанаудан белгілі бапкер Татьяна Тарасова жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы РИА Спорт дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
Мәліметке сәйкес, қауіпті кезең артта қалған. Қазір 79 жастағы маман есін жиған, алайда дәрігерлердің тұрақты бақылауында сол бөлімде ем қабылдап жатыр.
Татьяна Тарасова – мәнерлеп сырғанаудан аты аңызға айналған бапкер. Ол еңбек жолында Ресей, Жапония және АҚШ спортшыларын дайындап, көптеген Олимпиада чемпиондарын тәрбиеледі.
Айта кетейік, 2008 жылы Тарасова әлемдік мәнерлеп сырғанау Даңқ залына енгізілген.