Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Азия чемпионаты: қазақстандық екі дзюдошы жартылай финалға шықты

Бүгін, 10:58

Сары құрлық біріншілігі Қытайда өтіп жатыр. 

Азия чемпионаты: қазақстандық екі дзюдошы жартылай финалға шықты
ҚР ҰОК

Дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында басталған Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының екі балуаны жартылай финалға шықты.

60 келіде татамиге шыққан Шерзод Давлатов пен Аман Бақытжан жартылай финалға жолдама алды.

Давлатов Макао және Өзбекстан балуандарынан басым түссе, Бақытжан Сирия және Тәжікстан спортшыларын жеңді. Енді Шерзод Давлатов финалға шығу үшін Қытайлық Тайбэй өкілі Ян Юн Вэймен шеберлік байқасады. Ал Аман Бақытжан Бахрейн балуаны Руслан Полторатскиймен сынға түседі.

Сондай-ақ 66 келіде Нұрқанат Серікбаев ширек финалға дейін жетті. Алайда жартылай финалға шығу жолында оңтүстіккореялық Ким Чаннёнге есе жіберді. Тараздық балуан жұбаныш белдесуінде Моңғолия құрамасы сапында өнер көрсететін этникалық қазақ Иолк Кәдірбекті жеңіп, Сюэ Цзыянмен қола жүлде үшін күреседі.

Ал әйелдер арасында 48 келіде Диана Буркеева алғашқы айналымда жеңіліп, турнир жүлдесінен тыс қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам