Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстан дзюдошылары Азия біріншілігінің алғашқы жарыс күнінде жүлдесіз қалды

Бүгін, 14:43

Татамиге төрт балуанымыз шыққан еді. 

Қазақстан дзюдошылары Азия біріншілігінің алғашқы жарыс күнінде жүлдесіз қалды
ҚР ҰОК

Қытайдың Ордос қаласында басталған Азия чемпионатында қола жүлде үшін белдесуге шыққан Қазақстан құрамасының үш дзюдошысы да жеңіліс тапты.

Жарыстың алғашқы күнінде ерлерден 60, 66 және әйелдер арасында 48, 52 келі салмақ дәрежелеріндегі балуандар белдесті.

60 келіде Шерзод Давлатов Өзбекстан өкілі Самариддин Кучкаровқа жол берсе, Аман Бақытжан моңғолиялық Түвшинтөр Түменжаргалдан жеңіліп, бесінші орынға тұрақтады. Ал Нұрқанат Серікбаев (66 кг) қытайлық Сюэ Цзыяннан ұтылып, жүлдесіз қалды.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасынан 48 келіде Диана Буркеева алғашқы айналымда жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.

Азия біріншілігінде Бахрейн өкілі Руслан Полторатский 60 келіде чемпион атанса, 66 келіде тәжікстандық дербиде Эмомали Нурали топ жарды. Күміс жүлде Обид Джебовқа бұйырды. Аталған қос балуан 2025 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдені бөліскен болатын.

48 келіде Моңғолия өкілі Жамсран Анудари жеңімпаз атанса, 52 келі салмақта алтын жүлде иесі Моңғолия мен Өзбекстан балуандары арасындағы белдесуде анықталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам