Дзюдодан Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті

Есмигүл Куюлова қола жүлдегер атанды

ҰОК
ҰОК

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Есмигүл Куюлова Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Спортшы 63 келіге дейінгі салмақта үшінші орынды иеленді. Қола медаль үшін өткен белдесуде Куюлова Тайбэй өкілі Пэй Чунь Юаньді сенімді түрде жеңді.

Айта кетейік, бүгін, 17 сәуір күні, финалдық кезеңде Абылайхан Жұбаназар мен Әділет Алмат (81 келіге дейін) өнер көрсетеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам