Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ризабек Айтмұхан Азия чемпионы атанды

Бүгін, 19:58

Отандасымыз қарсыласын 10:0 есебімен ойсырата жеңді

Ризабек Айтмұхан Азия чемпионы атанды
ҰОК

Ризабек Айтмұхан Вьетнамда өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында еркін күрестен алтын медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшы өзі үшін жаңа саналатын 125 келіге дейінгі салмақта топ жарып, құрлық чемпионы атанды.

Финалда отандасымыз үндістандық Лаки Лакимен белдесіп, қарсыласын 10:0 есебімен ойсырата жеңді. Осылайша Айтмұхан жаңа салмақтағы алғашқы ірі жарысының өзінде чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Ризабек турнир барысында барлық қарсыласынан айқын басым түсті. Жартылай финалда қырғызстандық Жарғалан Будашаповты 14:4 есебімен ұтса, ширек финалда өзбекстандық Отабек Назирбоевты 11:1 есебімен сенімді түрде жеңген еді.

Айта кетейік, бұған дейін Ризабек Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақта күресіп, Қазақстан кубогының жеңімпазы атанған болатын. Оның қоржынында 2023 жылғы әлем чемпионатының алтыны және Азия чемпионаттарының үш күміс жүлдесі бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам