Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Бибісара Асаубаева қытайлық әлем чемпионынан жеңіліп, рекорд орната алмады

Бүгін, 14:13

Отандасымыз Norway Chess Women 2026 турнирінің соңғы турында жеңілді

Бибісара Асаубаева қытайлық әлем чемпионынан жеңіліп, рекорд орната алмады
әлеуметтік желі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 турнирінің жеңімпазы атанғанымен, жарыс тарихындағы жаңа рекордты жаңартуға бір қадам жетпей тоқтады.

Турнирдің соңғы турында жеңіске жеткен жағдайда қазақстандық шахматшы әйелдер арасындағы Norway Chess жарысының жаңа рекордын орнататын еді. Алайда шешуші партияда Бибісара қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньке есе жіберіп, жарысты 16,5 ұпаймен аяқтады.

Осылайша Асаубаева өткен жылғы турнир жеңімпазы Анна Музычуктің көрсеткішін қайталады. Ал Norway Chess Women турнирінің рекорды әлі де Цзюй Вэньцзюньге тиесілі болып қала береді. Қытайлық шахматшы 2024 жылғы жарыста 19 ұпай жинап, ең үздік нәтижені тіркеген болатын.

Norway Chess Women турнирі тарихындағы үздік нәтижелер:

  • 2024 жыл — Цзюй Вэньцзюнь — 19 ұпай;
  • 2025 жыл — Анна Музычук — 16,5 ұпай;
  • 2026 жыл — Бибісара Асаубаева — 16,5 ұпай.

Бір қызығы, Бибісара Асаубаева турнир барысында классикалық шахматта соңғы турда Цзюй Вэньцзюньнен жеңілді. Осы нәтиже қазақстандық спортшының рекорд жаңартуына тосқауыл болды.

Соған қарамастан, Бибісара жарыс аяқталмай тұрып-ақ чемпиондық атақты иеленген. Ол қарсыластарынан айқын басым түсіп, Norway Chess Women 2026 турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл – қазақстандық шахмат тарихындағы айтулы жетістіктердің бірі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам