Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Динара Сәдуақасова жас шахматшыларға шәкіртақы тағайындады

Бүгін, 12:17

Жалпы грант көлемі – 1,2 миллион теңге

Динара Сәдуақасова жас шахматшыларға шәкіртақы тағайындады
instagram.com/dinara.saduakassova

Қазақстанның танымал шахматшысы Динара Сәдуақасова Халықаралық шахмат күніне орай өңірлердегі дарынды балаларды қолдауға бағытталған жаңа қайырымдылық бастамасын жариялады.

Жоба еліміздің әр аймағындағы болашағынан зор үміт күттіретін жас шахматшыларға қолдау көрсетуге арналған. Бағдарлама аясында алғашқы шәкіртақы иегері болып Атырау облысының 9 жастағы шахматшысы Ермұхан Саламат таңдалды.

Жас спортшы алдағы бір жыл бойы ай сайын 100 мың теңге көлемінде шәкіртақы алып, жаттығу процесіне, жарыстарға қатысуына және кәсіби шеберлігін арттыруына қажетті қаржылық қолдауға ие болады. Бағдарламаның жалпы грант көлемі – 1,2 миллион теңге.

Динара Сәдуақасова Қазақстанда шахматқа қызығушылық жоғары болғанымен, өңірлердегі талантты балалардың мүмкіндігі әрдайым бірдей емес екенін атап өтті.

«Болашақ чемпиондар тек Астана мен Алматыда ғана өсіп жатқан жоқ. Өңірлерде де әлеуеті зор балалар көп. Алайда кәсіби спортта, әсіресе балалар спортында, мықты жаттықтырушыларға, жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қаржы қажет. Бұл шәкіртақы таланты мен табандылығы бар, бірақ бастапқы мүмкіндігі шектеулі балаларға нақты қолдау көрсетуге бағытталған», – деді шахматшы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам